Мемлекет басшысы жаңа жиһаз кешенін аралады

    Билік 12 May 2022 4613

    Мемлекет басшысы Ферғана облысына жасаған сапары барысында «Бувайда» ауданында салынған жиһаз кешенінде болды.

    Бұл мекенде көпшілік ағаш ұстасы. Отбасылар өз үйлерінде есік жақтауларын жасап сатады.

    Олардың өнімдері Ферғана алқабына ғана емес, Ташкент қаласы және басқа да шалғай облыстарға жеткізіледі.

    Бірақ мұндағы аулада қажетті жағдай жоқ еді. Ауа-райы, түрлі шулы дыбыс ыңғайсыз болды. Сондықтан Бувайд шеберлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданда жиһаз жасауға мамандандырылған кешен салынды.

    Мемлекет басшысы мұндағы жағдаймен танысты. Бір қабатты ғимараттарда өндірістік цехтар, екі қабатты ғимараттарда сауда, көрме және қызмет көрсету бөлмелері бар.

    Президент жаңа ғимаратта жұмысқа кіріскен қолөнершілермен әңгімелесті.

    -Олар осы күнге талай қиындықпен келді. Енді олар әр күні жұмыс істеуге дайын. Тек ол үшін тұрақты шикізат пен нарық керек. Мемлекет осы жағынан көмектессе, қолөнершілердің еңбегі артып, студенттер саны көбейіп, табысы артады, – деді Шавкат Мирзияев.

    Сол мақсатта Қарақалпақстан мен облыстарда жиһаз ағаштарын өсіруді және өңделген ағаш бұйымдарын өндіруді кеңейту жөнінде тапсырмалар берілді.

    Кешен ішкі нарықтан бөлек, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанға өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. Толық іске қосылғанда 3700-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates