Еліміздің көне тарихынан бүгінге дейінгі ең маңызды оқиғалар, ұлы ғұламалар мен жаһангер бабаларымыздың бейнелері өрнектелген бұл кешен Тәуелсіздіктің нышанына айналған. Оның ең биік тұсындағы «Хумо» құсы мемлекетіміздің елтаңбасын, халқымыздың асыл құндылықтарын бейнелейді.

Мемлекет басшысы осы монументтің Отанымызға, батыр да қайсар, бейбітсүйгіш әрі еңбекқор қаһарман халқымыздың даңқына арналып тұрғызылған ұлы ескерткіш екенін бұған дейін ерекше атап өткен еді.

Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсіміне Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен Сенаты, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті және Ташкент қаласы жұртшылығының өкілдері де қатысты.