Кездесуге АКТ министрлігі мен халықаралық университеттің делегациясы қатысты.

Онда Өзбекстандағы білім беру саласын дамытумен танысу, сондай-ақ ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Айта кетейік, Америка Халықаралық университеті – Бангладеш (AХUB) (American International University – Bangladesh (AIUB)) 1994 жылы Дакка қаласында құрылған. Бүгінде университетте 9500-ден астам студент білім алуда.

Профессор-оқытушылар құрамында жергілікті және шетелдік мамандар — 350 жуық  маман бар. Университетте 4 факультет және 16 халықаралық аккредитациядан өткен бағдарлама бар.

Кездесу  барысында екіжақты білім беру және ақпарат технологиялары саласындағы жобалар мен болашағы зор шаралар, сондай-ақ АКТ саласына білікті кадрларды даярлау, озық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне көңіл бөлінді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.