ШЫҰ саммитіне дайындық барысы талқыланды

    Ел назарында 13 Yanvar 2022 1227

    2021 жылдың 17 сентябріндегі Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық мәжіліс қорытындысында Президентіміз кездесу қатысушыларын 2022 жылдың сентябрь айында Өзбекстанда өтетін ШЫҰ-ның кезектегі саммитіне шақырған еді.

    ШЫҰ-ның кезекті саммитіне дайындық бүкіл елдегідей Самарқантта да қызу жүріп жатыр.

    Бүгін, 13 январьда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 2022 жылғы саммитіне дайындық мәселесі бойынша «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде жиналыс өтті. Оған Самарқант қаласындағы жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық Туризм және спорт бас басқармасының жауапты қызметкерлері, ғалымдар мен мамандар қатысты. Жиналысты облыс әкімінің орынбасары Рустам Қобилов жүргізді.

    Әлем қауымдастығында үлкен абырой-беделге ие Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Самарқантта өткізілуі, алдағы саммитке туризм инфрақұрылымын толық дайындау, халықаралық конференцияның қатысушылары мен қонақтарына қызмет көрсететін қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен волонтерлар мен аудармашылар топтарын қалыптастыру, оларды оқыту және дайындау мәселелері талқыланды.

    Әр бағыт бойынша жұмысшы топтар құрылып, оларға нақты міндеттер қойылды. Атап айтқанда, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, ШЫҰ-ның ресми тілдерінде сөйлесу үшін аудармашыларды даярлау, қаламыз бен еліміздің мәдени мұрасы мен бүгінгі жетістіктері туралы толыққанды ақпарат беру үшін бағыт-бағдар беру және гид-аудармашыларды қамтамасыз ету бойынша шаралар белгіленді, деп хабарлайды Самарқант облыстық Туризм және спорт бас басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates