Өзбекстан Республикасының ШЫҰ саммитіне төрағалығы аясында ұйымдастырылған аталмыш шарада көлік саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастықты нығайту, көлік дәліздерін дамыту және әртараптандыру, осы саладағы бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.
Атап айтқанда, аумақтық транспорт-транзиттік әлеуетті дамыту ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі болып табылатынын ескере отырып, кең қамтулы және интеграцияланған көлік жүйесін ұйымдастыру, салаға заманалық цифрлық технологияларды енгізу арқылы сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамыту, жүк тасымалдау көлемін арттыруда транспорт коммуникацияларын жетілдіруде бірдей көзқарас пен жанасуларды қалыптастыру мәселелері қаралады, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.