Оған облыс әкімі Ғафуржон Мирзаев, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Сайид, сектор басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, білім саласының өкілдері, шығармашылар, оқушы жастар қатысты.

Салтанатты шараны облыс басшысы ашып берді, бабамыздың өмір жолы, бай мәдени мұрасы мен ұлы тұлғаның бүгінгі қадір-қасиетіне тоқталды.

Сөз мүлкінің сұлтаны, ұлы ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Мір Әлішер Науаидың шығармалары, шығармашылығы, мәнді де мазмұнды өмірі халқымызға ғана емес, бүкіл әлемге үлгі болып қала бермек, – деді облыс әкімі Ғ. Мирзаев.

 Ұлы ойшылдың мүсіні осы жерге орнатылғаны жас Ширин қаласы мен аумақтағы Фарход су электр станциясы ақынның әйгілі «Фарход пен Ширин» дастанымен бейне бір бір-бірімен үйлесім тапқандай.

Өзбекстан Республикасы Президентінің «Ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаи  мерейтойының 580 жылдығын кеңінен атап өту туралы» қаулысына сәйкес, қала орталығында орнатылған аталмыш ескерткіштің биіктігі  4,3 метр болып, оған тоғысатын аумақта Энергетиктер мұражайы, Отансүйгіштер алаңы, Жастар алаңы орналасқан. Бұл жерде сондай-ақ ықшам кітапхана да салынған. Кітапханаларда мыңнан астам кітап қоры бар.

Ескерткіштің екі жағында 3×2 метр өлшемді екі монитор орнатылған. Онда Науаидың өмірі мен шығармашылығы туралы тарихи деректер мен бейнероликтер көрсетіледі.

Бүгінгі таңда Ширин қаласында 4 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 Балалар музыка және өнер мектебі және 1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында түрлі ғылыми-практикалық, спорттық үйірмелер құрылған. Жасалған жағдай мен кең мүмкіндіктің нәтижесінде қаладан көптеген жас спортшылар беделді жарыстарда құрметті орындарды иеленіп, ал оқушы жастары пәнаралық жарыстар бойынша олимпиадаларға  лайықты қатысуда.

Шара барысында Президентіміз төрағалығында үстіміздегі жылдың 28 январында өткізілген бейнеселектор жналысында берілген тапсырмалардың  орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаладағы жұмыс істеп тұрған білім беру мекемелеріне 2000 дана кітап жинағы, бес түрдегі 80 музыкалық аспап және үш түрдегі 100-ден астам спорттық құрал-жабдықтар жеткізілді, деп деп хабарлайды Сырдария аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.