Шахимарданда микроавтобустардың қатынауы жолға қойылады, ауыл орталықтарындағы демалыс бақтары жөнделеді

    Ферғана облысының әкімі Хайрулла Бозоров, сондай-ақ Баткен облысының губернаторы Абдукарим Алимбаевтар Шахимардан ауылының орталығында орналасқан шағын саябақта жергілікті тұрғындармен кездесті.

    Шынайы және көтеріңкі көңіл күймен өткен шарада демалыс бағының маусымдық ашылуы, екі халықтың туыстық, достық қарым-қатынастары туралы әңгімеленді.

    “Бізде міне осындай тамаша жерлер бар. Мұндай көркем табиғатты, көңілі таза, жүрегі пәк, кішіпейіл адамдарын да Алла-тағала берген. Адамдарымыздың тыныш, тату-тәтті, бейбіт өмір сүрулерін қамтамасыз ету, өзара көрші мемлекеттермен достасып, бірлікте, туыстай болып ынтымақта жасау, байланыстарды одан да нығайту мақсатында екі мемлекеттің делегациялары кездесіп тұрмыз. Шахимарданға жастық шағымызда жиі-жиі жанұя мүшелерімізбен, көрші-қолаңмен келіп зиярат жасайтын едік. Міне, бүгін де бұл жерге келу нәсіп етті. Сол кездерде бұл жерлер адам көп шоғырланған, гүлденген жер болатын. Міне тағы да Президенттеріміздің жоғары саяси жігерімен шекараларды ашу, әрі экономикалық, әрі әлеуметтік, мәдени салаларды дамыту барысында іс-әрекеттер істеудеміз. Жаңа туристік маусым басталды. Тойлар, салтанатты кештер болады ”.

    Шахимарданды зиярат орындарымен байланыстыратын аспалы жолдарды да аштық, енді Шахимарданға келген туристер Қырғызстан аумағындағы “Құрбан көлге” келуі, зиярат етулері, демалулары мүмкін. Шахимардан орталығындағы демалыс бағын жөндеу үшін де қаражат береміз. Түнгі шамдар орнатылады, көшелерге асфальт төселеді. Орталық абаттандырылып, қонақтардың келуіне дайындықты бастауымыз керек. Ең негізгісі жолаушылар үшін микроавтобустар қойылады. Бұдан былай ынтымақ-бірлікте жасауымыз керек. Екі жақтың халқы да мүдделі болып, тұрмыс дәрежесі, әл-ауқатталығы артуы қажет.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates