Ұсынысқа орай, елдің тұрғындары 2050 жылдан кейін 10 миллионнан аспауы керек. Бұл көрсеткіш тек жаңа туған сәбилердің көптігі салдарынан артуы мүмкін.
Егер ұсыныс қабылданса және Швейцария тұрғындарының саны белгіленген мерзімге жетіп, 9,5 миллионнан асып кетсе, ресми органдар «тұрғындар санын арттыруға ықпал ететін халықаралық келісімдерді қайта қарауға» мәжбүр болады. Бірінші кезекте бұл босқындарға баспана беру және отбасыларын Швейцарияға көшіру туралы келісімдерге қатысты болады. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Еуропа Одағымен еркін қозғалыс туралы келісімшарт күшін жоюға тиіс.
Швейцария парламентінің көпшілігі бұл бастаманы «ешқандай мәселелерді шешпейді, керісінше жаңа проблемалар туғызады» деп бағалайды. Ал бастаманы қолдаушылар оны миграцияны бақылаудың «ақылға қонымды құралы» деп санайды.
Қазіргі уақытта Швейцария тұрғындарының саны шамамен 9 миллион адамды құрайды, деп хабарлады oz.inform.kz.