Сырдарияда алғаш рет көз тор пердесіне лазерлік ота жасалды

    Денсаулық 8 Yanvar 2024 1312

    Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығы мен орталықтың филиалдары офтальмологтарымен бірлесе отырып жасалды.

    — Егер ойланып қарасақ, лазерлік хирургиялық операциясы да көз саласында жүзеге асырылатын басқа операциялар сияқты өте күрделі саналып, көз тор пердесін көшіру, көз қарашығына және тор пердеге қан құйылуы сияқты жағдайлардың алдын алуда өте пайдалы, — дейді Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығы Сырдария филиалының директоры, жоғары санатты, офтальмолог дәрігері Расул Каримов. — Бірақ осы түрдегі лазерлік операциядан соң, көздің көру өткірлігі бірден жақсы болып қалмайды. Алайда, жақсы болуы үшін белгілі бір берілген дәрі-дәрмектерді уақытында қолдану, кейбір шектеулерді сақтау қажет болады.

    Ол үшін ең алдымен, ыстық ванналар мен сауналарға бармаңыз, алкогольдік ішімдіктерді ішпеңіз, 3 килограмнан артық салмақты көтермеңіз, физиологиялық түрде зорықпау және спортпен айналыспау, басыңызды тез қимылдатпау, компьютер, телефон және теледидар, газ плитасы, тандыр, ошақ және ыстық пештерге жақындамауға тырысыңыз. Сонда ғана лазерлік операциядан кейінгі асқыну қаупі және қалпына келтіру кезеңі қысқарады.

    Сырдарияда бұл түрдегі лазерлік ота түрі көз торында ақауы бар және жоғары технологиялық операцияны қажет ететін 25-ке жуық азаматқа сәтті жасалды.

    Бұл сырдариялықтар үшін күтпеген жаңалық болып қана қоймай, бұдан былай әурегершілік, сарсаң болып жүрудің алдын алуға қызмет етеді.

    Ғулом Примов,

    Сирдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates