«Society» журналы: Өзбекстандағы мәдени мұра нысандарының көпшілігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген

    Австрияның танымал «Society» журналында «Өзбекстан әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді шақыруда» атты мақала жарияланды.

    Онда Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан Өзбекстан өзінің көптеген сәулеткерлік ескерткіштері, сұлу табиғат көріністері, көрікті сарайлары, ежелгі өркениетке лайықты үлес қосқан ұлы бабаларымен, әйгілі қолөнер шеберханаларымен, ұлттық тағамдарымен әйгілі екені атап өтілген.

    «Өзбекстанда 7 мыңнан астам мәдени мұра нысандары бар, олардың көпшілігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген», - деп жазады басылым. — Ташкент, Самарқант, Бұхара, Шахрисабз, Хиуа, Үргеніш, Терміз, Қарақалпақстанның көне ескерткіштері Өзбекстандағы тарихи-танымдық туризмнің негізі болып табылады».

    Журнал Самарқант қаласындағы танымал Регистан алаңы, Хиуадағы «Ичан-Қалъа», Шахрисабздағы Ақсарай кешені, Ташкенттегі Көкалдош медресесі сияқты еліміздің ең танымал тарихи ескерткіштері және олардың құрылу тарихына қатысты мәліметтерді де оқырмандар назарына ұсынған, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    «Гастрономия Өзбекстанға cаяхат жасаудың тағы бір себебі. Елге барғаннан кейін кез келген экскурсиядан бас тартуға болады, бірақ өзбек ұлттық тағамдарынан ешқашан бас тарта алмайсыз. Өзбек тағамдары алуан түрлі және дәмді тағамдарымен ерекшеленеді. Сіз әлемдегі ең дәмді палау, тандыр кәуабы, лағман және тағы басқа да өзбек тағамдарының дәмін татқыңыз келсе, міндетті түрде Өзбекстанға барыңыз», - деп жазған «Society».

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates