Салауатты тұрмыс жағдайы мәселесі талқыланды

    Ел назарында 10 Iyun 2021 1399

    Ташкент қаласында Тұрақты даму мақсаттары апталығы басталды. Апталық аясында Олий Мажлис палаталары комитеттері тарапынан тұрақты даму саласындағы барлық ұлттық мақсаттар бойынша тұрғысында дөңгелек сұхбат өткізіледі. Осы шараларда жергілікті және шетелдік сарапшылар баяндама, ұсыныстарымен қатысады.

    Соған орай Мажлистің Заң шығару палатасы Азаматтардың денсаулық сақтау мәселелері комитеті “Салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқаттылығына көмектесу” тақырыбында дөңгелек сұхбат өткізілді.

    Оған қатысқан Олий Мажлистің Заңшығар палатасы депутаттары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы, сарапшы және мамандар сұхбатта тақырыпқа байланысты елімізде тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету, адам факторлары мен оның денсаулығын қорғауға қаратылғаны мемлекет дәрежесіндегі көңіл бөлу жоғары бағаланды.

    Айтылғанындай, тұрақты даму саласындағы 3-мақсат ретінде “Салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқаттылығына көмектесу” белгіленген. Осы мақсаттың өзі 10 көкекесті бағыттарды қамтыған. Сонымен бірге 2030 жылға келіп аналар өлімінің көрсеткіші үштен бір есеге төмендету, жаңадан дүниеге келген нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың өлімін азайту, вирусты гепатит және бірқатар басқа ауруларды азайту үстем міндеттер қатарында.

    Дөңгелек үстел сұхбатында тақырыпқа байланысты мәселелер шетел тәжірибелері және қол жеткізілген жетістіктер туралы толық ақпараттар тыңдалды. Шарада Өзбекстанда ана мен баланың репродуквтік денсаулығын қорғауда жүзеге асырылған істер талдауына көбірек тоқталды. Өткен екі жыл барсында салаға қатысты 5 нормативтік құжат қабылданып бақылауға алынған. Бүгінде еліміздің барлық аумақтарында әйелдердің жалпы өлім саны 16,8 миллион болып, олардың туу жасындағылары 8,9 миллионы жалпы тұрғындарын санының 26,9 пайызын құрайды. Оларға 227 туу мекемелері тарапынан медициналық қызмет көрсетілуде.

    Сондай-ақ, нәрестелер арасында мүгедектіктікті ерте анықтау, олардың алдын алу, фертиль жасындағы әйелдер мен қыздар денсаулығын жақсарту мақсатында республика, облыс көлемінде неонаталдық хирургия, балалар кардиохурургиялық, қыздар гинекологиясы, каминвазивті гинекология және Балалар ұлттық медицина орталығы бөлімдері ұйымдастырылған. Бір ғана мысал ретінде 2016 жылда 300 балада кардиохирургиялық операциясы өткізілген, 2020 жыл қортындысының көрсеткіші 2800-ді құрайды. Бұл салада жүзеге асырылған реформалардың нәтижесі деп айтуға болады.

    Жиында салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету мен барлық жастағы адамдардың тыныштығына көмектесу міндеттердің орындалу тұрғысында комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлистің Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates