Өзбекстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

    Билік 18 Aprel 2024 1319

    Душанбе қаласындағы «Қасри Миллат» резиденциясында Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті.

    Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Екі елдің әнұраны шырқалды.

    Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмон құрметті қарауыл алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды. Бірге суретке түсті.

    Дәл қазіргі сәтте Мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізуде.