Кездесуде айтылғанындай,  SpaceX қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде ірі жобаларды жүзеге асырып келуде. Компания өкілі Өзбекстанда да осындай жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар, АКТ министрлігі тарапынан өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында компания өкіліне Өзбекстанда өз өкілеттігін ашуға  ұсыныс берілді.

 Сұхбатта тараптарды қызықтырған сұрақтар бойынша жан-жақты пікір алысты, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.