Жасанды интеллекттің көмегімен күшті жер сілкіністерін орта және ұзақ мерзімді болжауды анықтау тәжірибесі іске қосылады

    Президенттің «Сейсмологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сейсмология саласындағы істердің тиімділігін одан әрі арттыруға қатысты қосымша іс-шаралары туралы» Жарлығы (ПЖ-184-санды, 20.10.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлықты қабылдаудағы басты мақсат мыналар болып табылады, олар:

    • мәдени мұра нысандары мен көлік кешендерінің жер сілкінісіне төзімділігін мониторинг жасау жүйесін құру;
    • сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу;
    • құрылыс алаңдары үшін жер асты топырақтарын зерттеу және олардың мықтылыған арттыру шараларын қабылдау.

    Жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың 1 январынан бастап:

    • республикадағы “А-373” және “М-39” автомобиль жолдарына және оларға жалғанған таулы аумақтардан өтетін теміржолдарда көшкіннің ықтималдығы жоғары аумақтарға тұрақты радиолокациялық ғарыштық мониторинг ұйымдастырылады;
    • жасанды интеллект көмегімен сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда күшті жер сілкіністерін орта және ұзақ мерзімдерде болжау тәжірибесі жолға қойылады.

    Бастапқы кезеңде жасанды интеллект көмегімен күшті жер сілкінісінің орташа және ұзақ мерзімді болжам жасау Ташкент қаласының мысалында ұйымдастырылады.

    2026 жылдың 1 мартынан бастап ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі бойынша техникалық жай-күйі жасанды интеллект көмегімен талданады.