Кәсіпкер алдағы қызметі үшін 20-дан астам заңды бренд алды

    Бұған дейін азаматтардың ғана емес, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлердің де интеллектуалды мүлік, заңды бренд және тауар белгілері туралы білімі өте аз болатын. Қазіргі уақытта әрбір азаматтың зияткерлік мүлік құқығы, контрафактілік өнімдерді өндіру және олардың айналымы туралы түсінігі мен білімі жеткілікті түсінік пен білімдер қалыптасып үлгерді.

    Ферғана облыстық Әділет басқармасы интеллектуалды мүлікті қорғау саласында 2021 жылдың барысында 150 өтініштер түскен, 2022 жылы басқармаға тұрғындардың 200-ден астам арызы қаралып, 197 өтініш оң шешімін тапқан.

    – Он жылдан бері кілем сатумен айналысамыз, - дейді Қоқан қаласында жұмыс істейтін кәсіпкер Отабек Мирсодиков. – Соңғы бір жылда біздің қызметіміз кеңейіп, облыстарда мыңдаған тұтынушының назарына іліктік. Әділет басқармасына өтініш жасап, өз брендімізге заңды түрде ие болдық. Біз бұрын да әрекеттер жасағанбыз. Бірақ Ташкентке барды-келді мәселелерімен уақыт жоғалтатынбыз. Енді бұл мүмкіндіктер бір ғана Әділет басқармасының өзінде ғана шешімін табуда.

    Элмурод Мирзаев – Ферғанадағы несие негізінде сауда жасайтын ірі тармақтардың маркетинг бөлімінің бастығы. Ол басқаратын дүкендер желісінің ел бойынша 60-қа жуық филиалы бар.

    – 2021 жылы Ташкенттен 2 бренд алдық, – дейді Элмурод Мирзаев. Алайда бұл екі бренд белгісі үшін 1 жыл уақыт кетті. Ферғанадан Ташкентке қанша рет келіп-кеткенім есімде жоқ. Бірақ біз дүкендеріміздің атын заңдастырып, болашақта 10-нан астам бағыт бойынша бренд-сауда белгісін алмақшы едік. Міне осы ниетіміз орындалды. Барлығы оңайырақ болды. Біз Ферғана әділет басқармасына өтініш жасап, онлайн бойынша өтініш беру арқылы 20-дан астам брендімізді заңды түрде сатып алдық.

    Бүгінгі таңда облыста жұмыс істейтін 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісіне қызмет көрсету және өздерінің тауар белгілерін, интеллектуалды мүлік нысандарының мемлекеттік тіркеуге алу қызметтеріне, өз брендтеріне ие болулары үшін көмек берілді.

    Қазіргі таңда Ферғана облысының Әділет басқармасы өзінің тауар белгісінен мен қызмет көрсету белгісінен заңсыз пайдаланатын немесе контрафактілік өнімді реализация жасап жатқан кейбір заңды және жеке тұлғалар қызметіне шек қою туралы да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, 2022 жылы осы бағытта 75 кәсіпкерлік субъектісіне орай таныстырылым, 51 кәсіпкерге ескерту шаралары қолданылды.

    Өзгенің тауар белгісін немесе авторлық құқынан заңсыз пайдалану фактілері бойынша 16 жағдайға байланысты әкімшілік хаттамалар жасалып, тиісті тәртіпте әкімшілік айыппұлдар салынды.

    — Серіктестік ұйымдармен бірлесе отырып, Ферғана қаласында жұмыс істейтін 38 ірі базар мен басқа да сауда нысандарында 73 рет профилактикалық мониторинг шараларын жүргіздік», - дейді Ферғана облысы Әділет департаментінің бас кеңесшісі Умиджон Назиров. Мониторинг барысында 50-ден астам контрафактілік өнім анықталып, аталған өнімдерді өндірушілер мен сатушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Бүгінгі даму дәуірінде заман мен көзқарас үздіксіз дамып келеді. Бұл барлық жүйелерге басқа ракурстардан қарау мен ойлау жауапкершілігін жүктеді. Сондай-ақ, интеллектуалды мүлік саласында кәсіпкерлік субъектілерімен, ақын-жазушылармен және басқа да сала өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату көзделген.

    Эляржон Эхсонов,

    Ферғана облысының Әділет басқармасы Жұртшылықпен байланыс бойынша

    жетекші кеңесші.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates