ТАТУ-да жаңа инкубациялық орталық өз қызметін бастады

    Орталық мамандардың инновациялық қолданбаларын дамытуға көмектеседі.

    6 майда Мухаммад ал-Хорезми атындағы Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінде «Tuit Incubation Centre» орталығының ашылу салтанаты өтті.

    Оған Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов қатысты.

    Бүгінгі таңда білім беру жүйесін реформалауда жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және IT- Parkтер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту маңызды рөл атқарады.

    Орталық бірінші кезекте озық стартап идеялары мен инновациялық жұмыстарды мониторинг жасап, таңдайды және инкубация жасау міндетін орындайды. Сондай-ақ, жастардың стартап командаларын қалыптастыру, жоба қызметіне дайындау бойынша инновациялар саласындағы жастардың бастамаларын анықтауға, командаларды қолдап-қуаттауға, студенттер, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық қолданбаларын дамытуға көмектесуге қызмет етеді.

    Инкубациялық орталық заманалық оқу кабинеттерімен және компьютерлермен және АКТ жабдықтарымен жабдықталған. Студенттердің білім алуына, ізденуіне барлық жағдай жасалған.

    Болашақта орталық қызмет көрсету барысында консалтинг қызметін,сонымен қатар келісімшарт негізінде цифрлық экономика, педагогикалық психология, физикалық астрономия және білім берудің барлық бағыттары бойынша ғылым-зерттеулер жүргізуді, халықаралық гранттарға, ғылыми-зерттеу жобалар байқаулары мен конференцияларына қатысуды жоспарлап отыр.

    Кездесу барысында АКТ министрі университетте білім алып жатқан студенттермен сұхбаттасты. Сондай-ақ жастарды қызықтыратын барлық мәселелер талқыланды. Жастар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.