Шараға, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Түркіменстан СІМ басшылары, сондай-ақ ТМҰ бас хатшысы мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.
Достық және сындарлы рухта өткен кездесуде аймақтық және халықаралық күн тәртібі мен Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. 2022 жылдың 11 ноябрінде Самарқантта өтетін TМҰ саммитіне қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобалары қаралды.
Өзбекстан делегациясының басшысы әлемде болып жатқан оқиғалардың қарқыны мен халықаралық қатынастардағы өзгерістер ТМҰ-ны заманалық өмірге тұрақты бейімдеу қажеттігін атап өтті.
Ұйым аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев тарапынан алға тартылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік, транспорт, өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты, инновацияларды, АКТ, білім-ғылым, технология және мәдени-гуманитарлық, тағы басқа да салалардағы байланыстарды нығайтуға арналған бастамаларды өмірге енгізу маңыздылығы айтылды.

Күшейіп келе жатқан қауіптер мен қатерлерді жеңу бойынша іс-әрекеттерді біріктіру мақсатында стратегиялық мәселелер бойынша жүйелі диалог орнату қажеттігіне назар аударылды.
Өзбекстан Сыртқы істер министрі тарапынан ТМҰ Самарқант саммитіне дайындық үдерісі туралы ақпарат берді. Атап өткендей, алдағы шара бұл құрылымның 2021 жылы Түркі кеңесінен Түркі мемлекеттері ұйымына өзгертілетін кейінгі бірінші саммиті болып саналады.
Жиналыс қорытындысы бойынша ТМҰ-на мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуін 2022 жылғы 10 ноябрьде Самарқант қаласында өткізу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.