Өзбекстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Улуғбек Мақсудов «Istiqlol Tekstil Dizayn LLC» компаниясының негізін қалаушы Бахтиёр Умаровпен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде Өзбекстанның  «Ideal» брендімен өндірілген өнімдерді Сауд Арабиясы базарына экспорттау мәселелері талқыланды.

 Сауд Арабиясында тоқымашылық,  әсіресе киім-кешек бұйымдарына сұраныс артып отырғаны айтылды. Өз кезегінде, Саудия базарларындағы «Istiqlol Tekstil Dizayn LLC»  компаниясының өнімдерінің сапасы мен бағасының бәсекеге қабілеттілігі атап өтілді.

Келіссөздер кезінде Сауд Арабиясы базарына киім-кешек пен аяқ киім өнімдерін жеткізуге, Ар-Риед, Жидда және Мәдине қалаларында арнайы сауда нүктелерін ұйымдастыру, сондай-ақ қолданыстағы «онлайн» арқылы «Ideal»  брендінің өнімдерін сатуға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында «Istiqlol Tekstil Dizayn LLC»  компаниясы өкілдерінің Сауд Арабиясына жұмыс сапарын ұйымдастыру бойынша келісілді, деп хабарлайды  «Дунё» АА.