Мемлекет басшысына теміржол саласындағы ірі жобалар туралы ақпарат берілді

    Билік 16 Dekabr 2022 6697

    Президент Шавкат Мирзияевке теміржол саласындағы ірі халықаралық жобалардың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.

    Өзбекстан үшін көлік бағыттарын әртараптандыру, әлемдік нарыққа тез әрі еркін шығу өте маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы халықаралық конференцияларда осы мәселені үнемі көтеріп, практикалық бастамаларды алға таптып келеді. Көрші және мүдделі елдермен «келісімге келіп» жобалар жеделдетілуде.

    Соның бірі – 454 шақырымдық «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылысы. Осы жылдың 14 қыркүйегінде Самарқанд қаласында аталған жоба бойынша өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылғаны белгілі. Қараша айында Қытайдың «Бірінші жобалық зерттеу институты» далалық зерттеулер жүргізді.

    Баяндама барысында жоспардағы жұмыстар туралы да айтылды. Атап айтқанда, Бішкекте жобалық кеңсе құрылады. Жобаны басқару стилі мен процедурасы талқыланады. Халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізіледі. Жалпы, 1 маусымға дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланған.

    Саладағы тағы бір аймақтық жоба – «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жолы. Ауғанстандағы күрделі жағдайға қарамастан, бұл мәселеде де айтарлықтай ілгерілеушілік бар.

    Атап айтқанда, биылғы жылдың жазында Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласынан Пәкістанның Торхам қаласына дейін зерттеу экспедициясы жүргізілді.

    Жоғарыда айтылғандай, жоба аясында 765 шақырымдық теміржол құрылысы жоспарланған. Келесі жылы жобалық кеңсе құру, халықаралық консалтингтік компанияны тарту, инвесторлармен келіссөздер жүргізу көзделген. Осылардың негізінде жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалады.

    Президент Шавкат Мирзияев бұл жоспарларды мақұлдап, әріптес елдермен «жол картасын» әзірлеуге тапсырма берді.

    Осы екі темір жолдың құрылысы Өзбекстанның көлік коммуникацияларын әртараптандырып, логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді.