«Тепкиге» қарсы вакцина бар ма?

    Біз «тепкі» деп атайтын ауруды медицинада эпидемиялық паротит деп атайды.

    Тұмау сияқты ол вирустардың ауа тамшылары арқылы таралуынан туындайды. Ауырған кезде, егер сіз дәрі қабылдамасаңыз, иммундық жүйенің өзі вирустармен күреседі және белгілі бір уақыттан кейін жеңеді. Бірақ бәрін иммундық жүйеге жүктеп қою дұрыс емес. Өйткені эпидемиялық паротит сілекей бездерін зақымдап қана қоймай, емделмеген жағдайда ауру болашақта бедеулікке әкелуі мүмкін.

    - Тепкі негізінен балаларды зақымдайтын вирусты жұқпалы ауру болып, ауру 1/3 жағдайда белгісіз өтеді.

    - Тепкіде сілекей бездерінің, ұйқы безінің, аналық бездердің және орталық жүйке жүйесінің іріңсіз қабынуына әкеледі.

    - Құлақтың сілекей безі көбірек зақымдалады.

    - Тепкімен ауыратын адам жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады.

    - Тепкі мен қызамық, қызылшаға қарсы біріктірілген вакцина (ҚҚ) екпе егіледі.

    Материалдарды интернет негізінде дайындаған Феруза Жураева.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates