Термезде халықаралық сауда орталығы ашылды

    Кешенде төрт мың дүкенге арналған орын, өндірістік логистикалық аймақ, медициналық орталық және мейрамхана бар. Жобаға 75 миллион доллардан астам инвестиция енгізілген.

    Қазір кешеннің бір бөлігі ашылған, 2023 жылдың бірінші тоқсанында толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сауда орталығынан түсетін жылдық табыс 500 миллион доллар, ал ондағы қызмет көлемі 10 миллион долларды құрайтыны айтылды.

    Кешенде жалпы 1800 сауда нүктесі, сондай-ақ 300 орындық қонақ үй болады. Мұнда шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар бұл жердегі сауда орындарын сатып алулары немесе одан аренда негізінде пайдаланулары мүмкін.

    Ауғанстан азаматтары бизнес мақсаттары үшін кешенде 10 күнге дейін визасыз бола алады. Орталықтың іске қосылуы Ауғанстанмен сауда айырбастау көлемін 1,2 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндігін береді.