Австралия, Ұлыбритания, Дания және Америка Құрама Штаттарынан келген астрономдар тобы Жерден 146 жарық жылы қашықтықта орналасқан HD137010b өмір сүруге жарамды планетаны тапты. Бұл туралы 29 қаңтарда The Guardian газеті зерттеулерге сүйеніп хабарлады

Газеттің хабарлауынша, планета Күнге ұқсас жұлдызды айналып өтеді, ал ғалымдар HD137010b Жерден 6 пайызға ғана үлкен деп болжауда. Газет сілтеме жасаған зерттеушілер планетаның өз жұлдызының тіршілік ету аймағында болу мүмкіндігі 50 пайыз екенін және оны 355 күнде бір рет айналып өтетінін айтты, деп хабарлайды tass.ru.

Газет бұл жұлдыздың Күнге қарағанда салқын және күңгірт екенін, сондықтан планетадағы температура Цельсий бойынша -70 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін атап көрсетеді. Зерттеу авторларының бірі, доктор Челси Хуангтың айтуынша, планета болашақ бақылаулар үшін негізгі мақсатқа айналуы мүмкін.