Мақсаты – еліміздегі медицина саласын одан әрі дамыту, орын алып жатқан мәселелер мен кемшіліктерді оңды шешу.

Аталмыш  «Сall- орталығының» 1295 нөмірлері Жаңа Өзбекстан денсаулық сақтау жүйесінің бүгіні мен ертеңіне салғырт қарамаған  медицина қызметкерлерінің қызметіне қатысты мәселелер, жүйедегі проблемалар және  саланы дамытуға түрткі беретін идеялар мен ұсыныстар бойынша жұмыс істей бастады.

Бұл өтініштердің көбін «Сall-орталығына»  бекітілген лауазымды тұлғалар шешеді,  ал бір бөлігі ғалымдар, дәрігерлер, фармацевтер, медбикелер және жүйе қызметкерлерімен ашық сұхбатта тікелей Өзбекстан Республикасы Президентіне жеткізіледі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, хабар арқылы сала өкілдері өтініш жолдау арқылы  денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесін қосуға және бұл жұмыста белсенділік танытуға шақырылады.