Тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің орны» тақырыбында «Әйелдер форумы» өтті

    Ұлттық гвардия Ташкент қалалық қауіпсіздік басқармасында «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйел-қыздардың орны» тақырыбында ұйымдастырылған Әйелдер форумы өтті.

    Форумға түрлі саладағы үш жүзге жуық әйел-қыздарды бір мақсат жолында бірлестірді.

    Өзбекстан Республикасы Парламенті Сенатының Әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері бойынша комитетінің төрайымы Малика Қадирханова, Ташкент қаласы әкімінің жастар саясаты, әлеуметтік даму және рухани-ағарту істері жөніндегі орынбасары Дурдона Рахимова, Отбасы және әйел-қыздар комитеті төрағасының орынбасары Мукаррам Нурматова, сондай-ақ Республикалық прокуратурасы, Республикалық діни комитет, Республикалық рухани және ағарту орталығы сондай-ақ құқықты қорғау органдарының жауапты қызметкерлері қатысты.

    Алдымен форумды бейнеконференция арқылы аумақтық басқармадан қатысқан Ұлттық гвардия қолбасшысының орынбасары, полковник С.Мамаюсупов ашып, бүгінде мемлекет тарапынан әйел-қыздарға көңіл бөлініп отырғандығы, гендерлік теңдік мәселелеріне тоқталды.

    Ол өз сөзінде бұл саладағы реформалардың Ұлттық гвардия жүйесінде де қарқынды жүргізіліп жатқанын айтып, әскери қызметшілер, қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерімен мақсатты жұмыс істеу, сондай-ақ жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, кәсіптік-техникалық білім беру, оларға рухани көмек көрсетуде 39 жеке офицерлік лауазым енгізілгеніне тоқталып, осы лауазымдарға әскери қызметші және басшы әйелдер тағайындалғанын мойындады.

    Сондай-ақ форум аясында лекторлар «Әйел – қыздардың әлеуметтік-саяси белсенділігін арттырудың үстем жолдары», «Тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің орны», «Отбасы-рухани орын» сияқты тақырыптарында баяндамалар жасады.

    Бұл форумда баяндамашылар әйел әскери қызметкер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жан-жақты қолдап-қуатталуы, сондай-ақ олардың қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық және саяси белсенділігін арттыру, болашақта ұпақ пен перзенттеріміздің тәрбиесінде, жанұяда салауатты рухани-ақылақтық ортаны қалыптастыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып, кеңінен талқыланды.

    Шара соңында ұйымдастырушылар Форумның белсенді қатысушыларын лайықты ынталандырылды.

    Өзбекстан Республикасының Ұлттық гвардиясы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates