Шараға Өзбекстандағы тау-кен металлургия саласында жұмыс істейтін «Науаи тау-кен металлургия комбинаты» АҚ, «Науаи машинажасау зауыты», «Алмалық кен металлургия комбинаты» АҚ, «Узметкомбинат» АҚ сияқты ірі металлургиялық комбинаттардың, Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі жүйесіндегі салалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары өздерінің инновациялық идеяларымен және инновациялық өнімдерімен қатысты.
Шараның бірінші күні Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрінің орынбасары Шахло Турдиқулова қазірде геология, тау-кен, металлургия өнеркәсібі еліміздің ішкі жалпы өнімінің қалыптасуында 10 пайызын құрайтынын атап өтті. Бұл салаларды одан әрі дамыту үшін пайдалы қазбаларды барлау, оларды өндіру, қайта өңдеудің технологиялық үдерістеріне жаңа, заманалық, инновациялық және тиімді технологияларды енгізіп, оларды дайын өнім деңгейіне жеткізу қажет.
Шара аясында ұйымдастырылған көрмеде металлургия кәсіпорындары игерген жаңа инновациялық өнімдер және ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары дайындаған тау-кен және металлургия саласында пайдалануға арналған ғылыми қолданбалар ұсынылды.
Бұл ретте көрме аясында тармақ өкілдері ғылыми-зерттеу институттарымен алдын ала келісімшарттар мен келісім құжаттарына қатысты келіссөздер жүргізді. Ғалымдармен бірлесе отырып, жергілікті шикізатты, яғни металлургия саласында қолданылатын реагенттер мен құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, инновациялық технологияларды, экспортты алмастыратын өнімдерді шығаруды жолға қою мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
2021-2022 жылдары Инновациялық даму министрлігі тау-кен металлургия саласында жалпы құны 31,4 миллиард сум болатын 21 ісжүзіндік және инновациялық жобаны қаржыландырды. Апта барысында мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми жобаларды орындаушылар үш күн бойы тұсаукесер жасайды.