«Top Gear France» шоуының арнайы саны Өзбекстанға арналады

    Туризм комитетінде “BBC STUDIOS France” телекорпорациясының атқарушы продюсері Жак Тома Ричардпен “Top Gear France” автошоуының Өзбекстанға арналған арнаулы санын түсіруді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

    механизмдерін және келесі кезеңдерін қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Сондай-ақ аталмыш шоу аясында түсірілімдер еліміздің жан-жақты көркемдігін көрсететін орындар, соның ішінде қалалардың заманауи және тарихи бөлімдері, шөлді және таулы аймақтарда суретке алу және осы үдерісті әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау туралы келісіп алды. Аумақтар мен тартылатын автомобильдерді белгілеу мақсатында үстіміздегі жылдың ноябрь айында «BBC STUDIOS France» шығармашылық тобының сапары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Бұл атақты шоудың біздің елде түсірілуі, оны қалың жұртшылыққа ұсынылуы ірі туризм базарларын ұйымдастыратын француз және ағылшын тілді сегментте Өзбекстанның бай мәдениеті және тарихы, сондай-ақ туризм әлеуетін барлық шырайымен, мүмкіндіктерімен көрсетуде маңызды жобалардың бірі саналады.