Осыған байланысты Президенттің «Мемлекеттік аудиті және қаржылық бақылау қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» (ПФ-252-санды, 18.12.2025 ж.) жарлығы белгіленді.
Жарлыққа сәйкес, 2027 жылдың 1 январынан бастап әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын қалыптастырудан бастап, жобаларды іске қосуға дейінгі барлық үдерістер толығымен цифрландырылатын болады. Бұған мыналар кіреді:
дамыту бағдарламалары Экономика және Қаржы министрлігінің “Kapital qo‘yilmalar” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды түрде қалыптастырылады;
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалардың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу және сараптаудан өткізу «Жариялылық құрылыс» платформасында жүзеге асырылады;
тапсырыс беруші мен мердігерлер арасында орындалған істер бойынша шот-фактураларды келісу «Жариялылық құрылыс» платформасында әзірленген жобалық-сметалық құжаттары негізінде “Kapital qo‘yilmalar” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
2026 жылдың 1июлінен бастап автомобиль жолдарының құрылыс үдерістері аясында ғарыштық түсірілімдер мен дрондардың көмегімен құрылыс және қаржыландыру көлемін салыстыру негізінде мониторинг жасалады.








