Мақсатты капитал қоғамдық қоры құрылды

    Ташкент мемлекеттік заң университетінде елімізде алғаш рет жоғары білім беретін мекемелер қызметін қаржыландырудың жаңа көзі саналатын Мақсатты капитал қоғамдық қоры (Endowment Fund) құрылды.

    Бұл туралы университеттің Жұртшылық және БАҚ -пен байланыс бөлімі хабарлады. Университеттің қызметкерлері мен студенттері әлемнің жетекші жоғары білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу университеттері және халықаралық ұйымдарда білімін жетілдіру, білім алуы мен тағылымнамадан өтуін ұйымдастыру арқылы кадрлар әлеуетін арттыру, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу мақсатында құрылған Мақсатты капитал қоғамдық қоры беймемлекет бейкоммерциялық ұйымы ретінде Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді.

    Еліміздің жоғары білім беру мекемелері үшін жаңалық болған Endowment Fund халықаралық тәжірибесінде жоғары оқу орны орындарының қызметін қаржыландырудың ең нәтижелі базар механизмдерінің бірі саналады.

    ТМЗУ Мақсатты капитал қоғамдық қоры мен университеттің өз алдына қойған үстем бағыттарын ескеріп, ғылым-білім, білімді одан әрі дамыту және қолдап-қуаттауға қаратылған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады.

    Атап айтқанда қор жоғары білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау мақсатында университет қызметкерлерін, докторанттар мен студенттерді дамыған шетелдің жетекші білім, ғылым мекемелерінде және басқа беделді ұйымдарда білім алуға, ғылыми-зерттеулер жүргізуге, тағылымдамадан өтуге және білімін жетілдіруге жіберу бойынша стипендия және гранттар жариялайды.

    Дарынды студенттер өз білімін одан әрі жетілдіру үшін қажетті оқу және ғылыми әдебиеттермен, сондай-ақ жиЅаздармен қамтамасыз етіледі және олар өз бетінше істеуі және ғылыми әлеуетін тұрақты арттыруы үшін тұрақты қаржылай қолдап-қуатталады.

    Сонымен қатар түрлі олимпиада, жарыстар мен байқауларда жеңімпаз және жүлделі болған студенттердің тек өзі ғана емес, ұстазы да қордың есебінен ынталандырылады.

    Тағы бір негізгі сипат, табысы аз жанұялар мен жетім балалар қатарына кіретін студенттерді материалдық қолдап-қуаттау, әлеуметтік белсенді әрі университетте нәтижелі еңбек етіп жүрген қызметкерлер материалдық тұрғыдан ынталандырылады, олардың үй-жағдайын жақсартуға көмектесу де қордың негізгі міндеттерінің бірі.

    Сонымен қатар қор қаржысы университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі жоғары оқу орны болу үшін заманалық кампус жарату мен жиЅаздауға да бағытталады.

    ТМЗУ Мақсатты капитал қоғамдық қоры қаржысы заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде,университет бітірушілерінің ерікті қайырымдылық қаржысы, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының гранттары мен өтеусіз өткізілген қаржылар, қордың кәсіпкерлік қызметтен алынатын табысы, сондай-ақ, заң құжаттарында тыйым салынбаған басқа да көздерден де қалыптасады.

    Мәлімет үшін айта кетейік, АҚШ университеттерінде 800-ден астам (Гарвард, Йель, Принстон, Стэнфорд университеттері ең үлкен қорларға ие) Endowment Fundтар бар, олардың жалпы капиталы 2 триллион долларға тең. Әлемдегі ең үлкен мақсатты қоғамдық қор Гарвард университетіне тиесілі, оның жалпы бюджеті 36 миллиард долларды құрайды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates