Ташкент көшелерінің бірі 15 күнге жабылды

    12 июль күнінен бастап Ташкент қаласының Мирабад ауданындағы Тарас Шевченко көшесінің Саид Барака және Фидокор көшелерінің қиылысы 15 күнге жабылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Хабарлауынша, Мирабад ауданына қарасты Т.Шевченко көшесінде “Менің жолым” жобасы аясында күрделі жөндеу істері жүргізілуі белгіленген.

    Атап айтқанда, Т.Шевченко көшесінің С.Барака мен Фидокор көшелерінің қиылысы аймағындағы ескірген, диаметрі 720 мм, ұзындығы 448 метр магистралды жылу құбырын жаңасына ауыстыру жоспарлануда.

    Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, көлік қозғалысы қалпына келтіріледі.