— Әдетте күз мен қыс айлары тұмау мен жедел респираторлық инфекциялардың таралуына қолайлы уақыт болып саналады, — дейді Д. Бөрібаев. — Әсіресе, бұл уақытта жас балаларда респираторлық инфекциялардың таралуы жылдың басқа мезгілдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Сонымен қатар, біздің елімізде биыл күздің бірінші айының біршама суық болуы бұл жағдайды ушықтырады, балалар тұмау мен жедел респираторлық аурулармен (ЖРВИ) жиі ауырады. Бұл сондай -ақ «103» нөміріне стихиялық қоңыраулардың көбеюіне әкеледі.

Нөмірлерге тоқталатын болсақ, ағымдағы жылдың 7-17 октябрь аралығында науқас балаларға арналған қалалық жедел жәрдем қызметіне шақыртулардың жалпы саны 13 мың 820-ны құрады.Соның ішінде температурасы көтерілген, ЖРВИмен, пневмониямен ауыратын 10 474 балаға сапалы медициналық көмек көрсетілсе, 41 бала ауруханаға жатқызылды.

Айта кету керек, октябрьдің өткен кезең барысында науқас балаларға арналған “Я103” қалалық қызмет көрсету орталығының CALL орталығына күнделікті қоңырау шалудың орташа саны 1 300-1 500 болса, ең көп қоңыраулар 8 октябрьге тура келуде, сол күні 2025 өтініш түскен, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.