Ташкент қаласының әкімі Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласының басшылығындағы делегациямен кездесті

    Үстіміздегі жылдың 22 апрелінде Ташкент қаласының әкімі Шавкат Умурзаков Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласының басшысы Алексей Орлов басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Ш.Умирзаков қонақтарға сапарлары үшін алғыс айтып, Өзбекстанда, әсіресе, астанасы Ташкентте инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық және іскерлік орта жасалғанын айтып, әкімдік екіжақты тиімді ынтымақтастық жолын талқылауға дайын екенін айтты.

    А. Орлов Ташкент қаласында болып жатқан «Иннопром» Орталық Азия» 4-халықаралық көрмесіне қатысумен бірге, Ташкент қаласының әкімдігіне барғанынан риза екенін айтып, бұл сапар үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

    Содан кейін, Екатеринбург қаласының логистика, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық технологиялары, медицина және тағы басқа да көптеген салалардағы мүмкіндіктері туралы кеңінен тоқталып, болашағы зор ынтымақтастықты жолға қоюға ұсыныс білдірді.

    Ш. Умирзақов қонақтың бастамаларын қолдап, қазіргі уақытта Ташкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындар үшін инклюзивті ортаны құру, қауіпсіз және ақылды қала тұжырымдамасын жүзеге асыру, құрылыс және басқа да салалар бойынша ірі жобалар бар екенін, өзара тиімді серіктестік мүмкіндіктері өте кең екенін айтты, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыра отырып, өзара болашағы зор бағыттарды белгілеуге келісті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates