Генетикалық ауруларға қарсы күресу мәселесі талқыланды

    Денсаулық 25 Noyabr 2022 2266

    Ташкент қаласында «Генетикалық ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманалық технологиялар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

    Конференцияға Франция, Сербия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Украина, Ресей, Қазақстан, Беларусь сияқты елдердің жетекші генетик ғалымдары, нейрогенетиктері, неврологтары, педиатрлары өздерінің баяндамаларымен қатысты.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде генетикалық ауруларды 1000 адамға шаққанда 3,0-3,5 құрайды. Ал, Өзбекстанда бұл көрсеткіштің 2,5 адамға дұрыс келуі бұл мәселенің біз үшін де қаншалықты өзекті екенін көрсетеді.

    Шарада елімізде сирек кездесетін (орфан) және басқа да тұқым қуалайтын генетикалық аурулардан зардап шегетін балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Осы бағытағы істердің тиімділігін қамтамасыз ету механизмдерін талқылау конференцияның негізгі міндеті етіп белгіленді, деп хабарайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates