Ташкент қаласында Халықаралық электрондық коммерция және бөлшек сауда форумы аясында «Central Asia Retail Week» бөлшек сауда және электрондық коммерция форумы өтті

    Үстіміздегі жылдың 16 октябрінде Ташкент қаласында Халықаралық электронды коммерция және бөлшек сауда форумы асында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бірінші «Central Asia Retail Week» бөлшек сауда және электрондық коммерция форумы өтті.

    Форумға 1,5 мыңнан астам қатысушылар, сонымен қатар 9 елдің бизнес-делегациялары жиналды, бұл Өзбекстанның және бүкіл аймақтың қарқынды дамып жатқан базарына жоғары қызығушылықты көрсетеді. Бұл форумға Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев спикер ретінде қатысты.

    Соңғы жылдары Өзбекстандағы бөлшек сауда көлемі 25,5 миллиард доллардан асты, бұл тұрақты экономикалық өсуі мен халықаралық ынтымақтастықтың нығаюын растайды.

    Форумға қатысушылар логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, ТМД елдеріндегі өндірушілердің арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, бөлшек саудаға жасанды интеллект пен геомаркетинг сияқты жаңа технологияларды енгізу сияқты маңызды бағыттарды талқылады.

    Форум ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнатуға және бөлшек сауда мен электронды коммерция саласындағы жаңа бастамаларды талқылауға, сондай-ақ іскерлік байланыстарды орнатуға арналған бірегей кеңістікке айналды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates