Ташкент облысында жылу мен ыстық судың бағасы өсуде

    2025 жылдың 1 февралынан бастап Ташкент облысы бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау және ыстық су бағасы өзгереді.

    Бұл туралы халық депутаттары Ташкент облыстық кеңесінің қаулысында айтылған.

    Атап айтсақ, Ташкент облысының «Жылу көзі» басқармасында тұрғындар үшін 1 Гкал жылудың қазіргі бағасы 81 312 сумды құрайды. Бұл баға февраль айынан бастап 93 464 сумға дейін өседі (ҚҚС қосқанда) Бюджеттік ұйымдар үшін баға 140 000 сумдан 560 мың сумға дейін қымбаттайды. Көтерме тұтынушылар үшін 358 400 сумға дейін өседі.

    Ыстық судың бағасы 1 текше метр үшін 5144 сумды құрайды.

    «Ангрен жылу энергиясы» МУК-да тұрғындар үшін баға 81 312 сумнан 93, 5 мың сумға дейін өседі. Бюджеттік ұйымдар мен көтерме тұтынушылар үшін баға 493 мың сумға дейін өседі. Ыстық судың бағасы 6078 сумға өседі.

    Салыстырмалы түрде арзан бағаны «Алмалық жылу көзі» ЖШҚ тарапынан ұсынылуда. Мұнда 1 Гкал жылудың бағасы бюджеттік ұйымдар мен көтерме тұтынушылар үшін 274-280 мың сумды құрайды. Тұрғындар үшін бұл сома 100 800 сумға дейін артады.

    Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.