Ташкент облысында тағы 45 жерде шағын ГЭС салынады

    Энергия 2 Iyul 2025 3518

    Мәліметтерге сәйкес, шағын су электр станцияларын салу үшін жалпы 248 аумақта жер телімдері бөлінген.

    Белгілі болғандай, облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Ташкент облысының қалалары мен аудандарында 45 жаңа шағын гидроэлектр станциясын (ГЭС) салу үшін 3,23 гектар жер бөлінген.

    Осы қаулы бойынша шағын ГЭС-тер құрылуынабелгіленген орындар табиғи су ағындары, каналдар мен ирригациялық жүйелері бойында орналасқан. Бұл үлкен инвестицияларсыз да энергия өндіруге мүмкіндік береді.

    Шағын гидроэлектр станциялар, үлкен масштабта құрылатын ГЭС-терден айырмашылығы, әсіресе ауылдық жерлерде электр энергиясының тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қызмет етеді, делінген хабарда.