Белгілі болғандай, облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Ташкент облысының қалалары мен аудандарында 45 жаңа шағын гидроэлектр станциясын (ГЭС) салу үшін 3,23 гектар жер бөлінген.

Осы қаулы бойынша шағын ГЭС-тер құрылуынабелгіленген орындар табиғи  су ағындары, каналдар мен ирригациялық жүйелері бойында орналасқан. Бұл үлкен инвестицияларсыз да энергия өндіруге мүмкіндік береді.

Шағын гидроэлектр станциялар, үлкен масштабта құрылатын ГЭС-терден айырмашылығы, әсіресе ауылдық жерлерде электр энергиясының тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қызмет етеді, делінген хабарда.