Ташкент облысында «Жасыл қоғамдық парктер» құрылады

    Жасыл планета 9 Fevral 2022 3511

    Облыстың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2022 жылдың көктемінде 10 миллион 142 мың дана жеміс-жидек, сәндік ағаштар мен бұталардың көшеттерін, қаламшаларды отырғызу жоспарлануда.

    Бұл істерге облыстың жергілікті бюджетінен 1 миллиард 636 миллион сум қаржы бағытталуда.

    Облыстың климаттық жағдайлары мен топырақ құнарлығына байланысты құрғақшылыққа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Өз кезегінде 2021 жылдың күзінде отырғызылған ағаштардың 90 пайызы өз нәтижесін береді деп күтілуде.

    Маңыздысы, отырғызылған көшеттердің сау өсуі үшін оларды күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, жасыл алқаптарды суару үшін 530 шақырым суару жүйесі қажет болса, оның 225 шақырымы жаңадан салынатын, 135 шақырымы жөнделетін ирригация тармақтары саналады.

    Бұл ретте суару жүйесіне қажетті 176 ұңғыманың 45-і қайта салынып, 24-і жөнделуі бойынша міндеттер белгіленді.

    Жер-жерлерде қосымша 241 шақырым канал қазылып, ұзындығы 118 шақырым тамшылатып суару жүйесі енгізіледі. Отырғызылған ағаш көшеттерін суару үшінн арнайы сорғылар орнату арқылы жолға қойылады.

    Облыстың қалалары мен аудандарында көшет отырғызуға болатын 205 гектар бос жер анықталды. Бұл аумақтарға суару жүйесін жолға қойып, 128 мың түп ағаш отырғызу арқылы абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары «Жасыл бақ» құру үшін құны 5 миллиард 920 миллион сум болатын 116,6 гектар жер ұйымдастырылады.

    Атап айтқанда, осы жылдар ішінде 66 гектардан астам аумақта «Жасыл қоғамдық саябақтарды» құру бойынша нақты жоспарлар белгіленген.

    Бұл үшін арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.