Ташкент облысының тағы 13 аумағында Президент мектептері ашылады

    Білім 10 May 2022 8217

    Ташкент облысы аумағында 13 оқу орны Президент білім беру мекемелері Агенттігінің жүйесіне мамандандырылады.

    Ангрен қаласындағы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернаты, Бекабад қаласындағы №19 жалпы орта мектебі, Бекабад ауданындағы кәсіптік-техникалық оқу орталығы, Бөке ауданындағы №1 кәсіптік-техникалық мектебі, Аққорған ауданындағы бұрынғы транспорт кәсіптік-техникалық колледж ғимараты, Құйышыршық ауданындағы №1 кәсіп-өнер мектебі, Шыназ ауданындағы қызмет көрсету және сервистік техникумы, Зеңгіата ауданындағы анық және табиғи пәндерге мамандандырылған мектеп, Бостандық ауданы №54 жалпы орта білім беретін мектеп, Паркент ауданындағы №1 кәсіп-өнер мектебі, Орташыршықтағы №20 жалпы білім беретін мектептер осылар қатарында.

    Сондай-ақ, Ахангаран қаласындағы «Жаңа Ахангарон» массивінде 576 орынды, Жаңажол қаласындағы «Өзбекстан» МАЖ-да 504 орынды жаңа білім ошақтары салынып, Агенттік жүйесінде жұмыс жүргізеді.

    Мәлімет ретінде айту орынды, бүгінде облыста 55, соның ішінде соңғы 2 жылда Президенттің тиісті қаулысы негізінде – 45, соның ішінде 8 математика , 1 физика , 6 химия-биология , 9 информатика мен АКТ , 21 шет тіліне мамандандырылған мектептер құрылды.

    Өткен оқу жылында бұл мектептерді 4210 оқушы 11-сыныпты бітірсе, соның 50 пайызға жуығы жоғары оқу орындарына қабылданған. Атап айтқанда, Ангрен қаласындағы кейбір пәндерді тереңдетіп оқылатын мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларының 85,5 пайызы және Аққорған ауданындағы №49 мамандандырылған мектеп бітірушілерінің 83 пайызы жоғары оқу орындарына оқуға қабылданғанын тілге тиек ету мүмкін, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates