Мемлекет басшысы Ташкент халықаралық инвестициялық форумына дайындық бойынша кеңес өткізді

    Билік 10 Mart 2022 4218

    10 наурызда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент халықаралық инвестициялық форумына дайындық барысы бойынша кеңес өткізді.

    Форум 24-26 наурыз күндеріне жоспарланған және оған халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, 56 елден 1500-ден астам ірі инвесторлар мен жоғары мәртебелі меймандар қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкінің президенттері, министрлер, ірі корпорациялар мен компаниялардың басшылары қатысады.

    Форум аясында пленарлық және салалық отырыстар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, брифингтер сынды 40-тан астам іс-шара өтуі көзделген.

    Бұл конференция Өзбекстан экономикасына қажетті перспективалық жобаларды таныстыру алаңы болмақ. Республикадағы мүмкіндіктер, шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар мен тартымды бағыттар таныстырылады.

    Бүгінгі жиында осы форумға дайындық барысы туралы баяндалды.

    Мұндай инвестициялық форум Өзбекстанда алғаш рет өтіп жатқанын атап өткен Мемлекет басшысы оны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

    Өзбекстанның халықаралық бизнес қауымдастығына ашықтығын паш ету, әрбір сала мен өңірдің инвестициялық әлеуетін көрсету қажет екені айтылды. Ірі жобаларға озық технологиялар мен инвестиция тартуда нақты нәтижелерге қол жеткізу міндеттелді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates