Ташкентте Бірінші халықаралық фармацевтикалық форум ашылды

    Ел назарында 15 Iyun 2022 1905

    Үстіміздегі жылғы 15 июнінде «Hyatt Regency Tashkent» қонақүйінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Фармацевтика саласын дамыту агенттігі, сондай-ақ Шетелдік фармацевтикалық компаниялары мен өнім өндірушілердің Өзбекстан Республикасындағы өкілдіктері Ассоциациясы ұйымдастырған Бірінші халықаралық фармацевтикалық форумы өз жұмысын бастады.

    Форум жергілікті фармацевтикалық өнімдерді өндірушілерді қолдап-қуаттуға, фармацевтикалық өнімдерді жергіліктендіру мен экспорттау көлемін арттыруға, Өзбекстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік компанияларды тартуға бағытталған. Шара жергілікті және шетелдік өндірушілер, саланы тәртіпке салушы органдар, бөлшек саудагерлер және фармацевтикалық базар мамандары арасында ең озық тәжірибелер мен практикалар, инновациялық әдістер мен технологиялар алмасу алаңына айналуға арналған.

    Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген баяндамашылардың айтуынша соңғы 5 жылда елімізде аталмыш салада жалпы құны 500 миллион долларға жуық 100-ден астам инвестициялық жоба іске қосылғанын, оның 65-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Нәтижесінде фармацевтикалық өнім көлемі 2,5 есеге, ал экспорт көлемі 5 есеге жуық артты. 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

    2026 жылға қарай фармацевтикалық өнім көлемін үш есеге ұлғайту және Өзбекстан базарындағы жергілікті дәрі-дәрмектің үлесін 80%-ға жеткізу жоспарланған.

    Жергілікті фармацевтика өнеркәсібін дамытуда көп жылдық офтейк-келісім-шарттар (алдын ала келісілген шарттарда болашақ өнімді сатып алу келісімшарттары), еркін экономикалық және фармацевтикалық аймақтар құру, фармацевтикалық өндірушілерді қаржылық қолдаудың тиімді механизмдерін енгізу, атап айтқанда, клиникалық сынақтар өткізу, тасымалдау шығындарын жабу үшін ұлттық фармацевтикалық компанияларға субсидиялар бөлу, өнімді шет мемлекеттерде тіркеуден өткізу және сертификаттау, сондай-ақ GMP (Тиімді өндірістік практикасы), GDP (Өнімді тиімді тарату практкасы) және GPP (жақсы дәріхана тәжірибесі) халықаралық сапа стандарттарын өмірге енгізуге байланысты қаражаттарды қаптау тенденциялары байқалғаны айтылды.

    Форумға 100-ден астам жетекші жергілікті және шетелдік фармацевтикалық компаниялардың өкілдері, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, шетелдік дипломатиялық өкілеттіктер, сондай-ақ ірі дәріхана желілері мен дистрибьюторлардың өкілдері қатысуда.

    Шарада Өзбекстанның фармацевтика саласының дамуы, оның инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану, бірлескен кәсіпорындар құру болашақтары, сондай-ақ фармацевтика саласында интеллектуалдық меншікті қорғау шаралары қарастырылады. Сонымен қатар қатысушылар пандемияның саланың дамуына әсері мен дағдарыстан кейінгі кезеңдегі фармацевтика саласының даму тенденцияларын талқылайды.

    Серіктестерге, шетелдік бизнес өкілдері мен Форум қонақтары назарына жергілікті және аумақтық базарларда сұранысы жоғары және қосылған құнға ие болғаны өнімдерді шығаруға бағытталған нақты инвестициялық ұсыныстар бойынша тұсаукесерлер ұсынылды.

    Ақпарат үшін: қазіргі таңда Өзбекстанда 221 фармацевтикалық компания жұмыс істейді, 140 дәріхана дәрі-дәрмек өндіруге маманданған, 616 ұйым - фармацевтикалық өнімдерді көтерме саудада және 15 790 дәріхана және олардың филиалдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада сатуға маманданған. 2021 жылы жергілікті кәсіпорындар 3,8 триллион сумның фармацевтикалық өнімін өндіріп, 2020 жылмен салыстырғанда өндіріс 20 пайызға артты.

    Форум 15-16 июнь күндері өз жұмысын жалғастырады. 17 июньде Самарқант қаласында Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі әйгілі өзбек ғалымы Әбу Әли ибн Синоның мұрасын көрсететін «Avicenna Heritage» деп аталатын дәрілік өсімдік өнімдерінің Бірінші халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates