Ташкентте «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері» Стратегиялық диалогының сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі өтті

    2024 жылғы 15 апрелінде Ташкент қаласында Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовтың төрағалығымен «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» Стратегиялық диалогының сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі өтті.

    Шраға Катар Премьер-Министрі, Сыртқы істер министрі шейх Мухаммад бин Абдурахмон Ол Сони, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жеенбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бин Рашид ал-Заяни, Кувейттің Сыртқы істер министрі Абдуллах Али ал-Яхе, Оман Сыртқы істер министрі Бадр Албусайди, Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов (құрметті қонақ ретінде), Қатар Сыртқы істер министрі Султон бин Саад Ал-Мурайхи, БАӘ Президентінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, энергетика және инфрақрылым министрі Сухайл ал- Мазруи, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Боқаев және Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Жасем Мухаммад Ал-Будаиви қатысты.

    Шарада екі аймақтың арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық, экология және туризм салаларындағы өзара тиімді және көп қырлы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

    Жиналыста 2023 жылғы 19 июлінде Жидда қаласында өткен Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесі жетекшілерінің бірінші саммитінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы, атап айтқанда, «Стратегиялық диалог және ынтымақтастық бойынша 2023-2027 жылдарға арналған біріккен әрекеттер жоспары» өмірге енгізу жағдайлары қаралды.

    Учрашувда халқаро ва минтақавий кун тартибининг долзарб жиҳатлари, хусусан, Афғонистон ва Яқин Шарқдаги мавжуд вазият юзасидан фикр алмашилди.

    Кездесуде халықаралық және аумақтық күн тәртібінің өзекті жақтары, атап айтқанда, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы болып жатқан жағдай бойынша пікір алмасылды.

    “Орталық Азия — ПШАМЫК” форматындағы кезектегі саммитті 2025 жылы Самарқант қаласында өткізуге байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Осы форматтағы сыртқы саясат кеңселері басшыларының үшінші кездесуі 2026 жылы Кувейтте өтеді.

    Жиналыстың қорытындысы бойынша Біріккен мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates