Ташкентте «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» үшжақты алғашқы кездесуі өз жұмысын бастады

    Ташкентте үш елдің сыртқы саясаты, сауда, экономика және көлік мәселелеріне жауапты болған министрліктердің басшыларының қатысуымен «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» үшжақты алғашқы жиналысы өз жұмысын бастады.

    Шараны Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов ашты.

    Шараның күн тәртібінде Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия арасындағы аймақтық және халықаралық саясат, сауда-экономика, инвестиция және көлік салаларындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері орын алған.

    Кездесу барысында осы аталған салалардағы өзара мүдделі ынтымақтастықты кеңейту бойынша жаңа ұсыныстар әзірленеді деп күтілуде.

    Шара қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы қабылданады, деп хабарлайды «Дунё» АА.