баннер
17 Apr 2025
15:38

    Ташкентте Өзбекстан-Корея бизнес-форумы өтті

    Бизнес 14 Sentabr 2023 1432

    Биылғы жылдың 13 сентябрьде Ташкент қаласында Өзбекстан-Корея бизнес- форумы өтті.

    Шараға Кореяның Шағын және орта бизнестің технологиялары мен ақпаратын ілгерлету агенттігінің (TIPA) вице-президенті басшылығындағы 11 Корея компаниясы қатысты.

    Бизнес-форумға Сауда-өнеркәсіп палатасы Төрағасының кеңесшісі Саидкомил Саидназирханов және республикамыздың фармацевтика, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы 30-дан астам ірі кәсіпкерлер де қатысты.

    Шара барысында Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелері мен Кореяның жетекші кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ бизнес-форум аясында Палата мүшелері мен Кореялық іскер топтар арасында В2В форматында кездесулер өтті, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.

    Мы в Телеграм
    Text to speech