Шараға Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Мысырдың жоспарлау, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастық министрі Рания ал-Машат қатысады деп күтілуде.
Форумға екі елдің іскер топтарының 100-ден астам өкілдері, атап айтқанда, Мысыр бизнесінен El Sewedy Electric, Hassan Allam Holding, ACDIMA, EPICO, Nile sugar, Badawy Group, Masriya machine, Ebtkarat Smart Systems, Solyphar, Al Farouk For Import & Export және тағы басқа компаниялары да қатысады.
Сондай-ақ Өзбекстан мен Мысырдың экономикалық әлеуеті, серіктестік қарым-қатынастарды дамытудың болашақ бағыттары таныстырылады, G2B және B2B келіссөздері өткізіліп, онда кәсіпкерлер өзара ынтымақтастықтың тиімді бағыттарын егжей-тегжейлі талқылайды.
Форумның қорытындысы бойынша экономиканың түрлі тармақтарында біріккен бастамаларды жүзеге асыру және аумақаралық ынтымақтастықты дамытуда бірқатар екіжақты қол қою рәсімі болып өтеді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.