Шараның қызу атмосферасы жауапты министрліктер мен кеңселердің басшыларын, іскерлер мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерін экономикалық дамуды, сауданы және инвестиция тартуды ынталандыру мақсатында сұхбаттасуға шақырды.
2021 жылдан бастап елімізде 20 август «Кәсіпкерлер күні» ретінде аталып өтетіні белгілі. Іскерлермен кездесулер дәстүрлі түрде өткізіледі. Жыл сайын ашық диалог түрінде өзекті мәселелер талқыланып, кәсіпкерлік саласындағы реформалардың жаңа бағыттары мен дәстүрлі емес идеялар ортаға салынады.
Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Азиз Воитов өз сөзінде жиынға қатысушылардың назарын елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмыстарының нәтижелеріне аударды.
Сұхбат ақша-несие саясатын одан әрі жетілдіру, салық жүктемесін азайту, салық жүйесін жеңілдету және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, банк-қаржы жүйесін трансформациялау, инвесторлар үшін қосымша жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясында айқындалған басымдықтардың кешенін іске асыру туралы болуда.
Панельдік талқылау барысында министрліктер мен кеңселердің басшылары стартаптар мен инновациялық идеяларды жүзеге асыруда іс жүзіндік көмек көрсету, субсидиялар беру арқылы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, инвестициялық ортаны жақсарту шараларын қарастыру, тағы басқа да осыған ұқсас бағыттар туралы сөз өрбітті.
Өз кезегінде бизнес өкілдері елімізде шетел инвестицияларын тарту, жоғары технологияларды енгізу, электронды сауда алаңдарын және жалпы ІТ желісін дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, сол күнi жекешелендiру, жеке меншiктi қорғау, ауыл шаруашылығын дамыту, салық жүйесiн одан әрi реформалау, Өзбекстанның халықаралық құрылымдарға интеграциялануы және басқа да мәселелер төңiрегiндегi панельдiк талқылаулар өттi.
Сонымен қатар, диалогтың бірінші күнінде баяндамашылар мемлекеттік сатып алу саласындағы тенденцияларды, еліміздің қымбат қағаздар базарының дамуын, кәсіпкерлік саласындағы цифрландыру үдерісінің жылдамдығын талқылауға мүмкіндік алды.
Сұхбатта министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сарапшылар мен іскер топ өкілдері бүгінгі таңда кәсіпкерлерді қызықтыратын өзекті мәселелер төңірегінде жиналды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, панельдік пікірталас кәсіпкерлердің проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқылайтын маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, «Кәсіпкерлермен диалог апталығының» бірінші күнінде кәсіпкерлердің пікірлері, ұсыныстары мен бастамалары қарау үшін қабылданды. Талдау нәтижесінде Өзбекстандағы бизнес ортаны жақсартудың жаңа тиімді тетіктері жасалады.