Ташкентте USAID-тің «Барлық балалар бақытты» жобасы өз қызметін бастады

    Білім 22 Fevral 2024 1656

    2024 жылғы 20 февралында Ташкент қаласында USAID-тің бес жылдық «Барлық балалар сәтті» жобасы іске қосылды.

    Шараға министрлік және кеңселердің жоғары дәрежедегі жауаптылары, БҰҰ-ның, мүгедектігі болған тұлғалар ұйымдарының және халықаралық білім саласының сарапшылары қатысты.
    Өзбекстан үкіметі мүгедектігі болған балалардың құқықтарын қорғау үшін қатаң шаралар әзірледі. USAID-тің «Барлық балалар бақытты» жобасы инклюзивті білім берумен байланысты үш негізгі бағытты қолдап-қуаттайды:

    - инклюзивті білім беруге ыңғайлы оқу-әдістемелік материалдар;
    - мұғалімдер үшін тәжірибе мен мектеп ортасын жарату, сонымен қатар
    - негізгі мүдделі тараптармен, яғни оқытушылар және мүгедектігі болған тұлғалармен бірлесіп әзірленген тұрақты саясатты дамыту.

    USAID-тің Өзбекстандағы миссиясының директоры Дэвид Хофман өз сөзінде әрбір балаға тән болған үлкен әлеует, әрбір баланың дамуы және өз әлеуетін толық жүзеге шығару үшін білім алу мүмкіндіктерін жарату туралы ұжымдық жауапкершілікке тоқталды.
    Сондай-ақ, шараға қатысушылары Өзбекстандағы әрбір баланың бақытты болуын қамтамасыз етуде қамқорлық пен жанкүйерлік маңызды орын иелейтінін атап өтті.

    USAID бес жыл ішінде «Барлық балалар сәтті» жобасына 25 миллион доллар бөлуді жоспарлаған. Жоба Creative Associates International және Халықаралық білім беру бойынша Америка кеңестері, АҚШ-тың Сиракуз университеті жанындағы мүгедектік және инклюзия орталығымен, Praxis Plus және «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп жүзеге асырылады.

    Шара соңында Creative Associates International, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі, Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі, Өзбекстан Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрліктері сапалы инклюзивті білімді ұйымдастыру және Өзбекстандағы барлық баларды әлеуметтік қолдап-қуаттау жөнінде ынтымақтастықта жұмыс жүргізуді көздеген Ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates