USAID әйелдер мен қыздарға арналған «IT Women – Karakalpakstan» білім беру бағдарламасын енгізді

    Білім 30 May 2022 2701

    Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) Қарақалпақстан Республикасындағы ауыл әйелдері мен қыздары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша кең қамтылған – Karakalpakstan» оқу бағдарламасы іске қосылды.

    Бағдарлама әйелдерді кең көлемді жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану үшін маңызды АКТ дағдыларын үйрету жүйесін қамтиды.

    Өзбекстанның шалғай ауылдарында тұратын әйелдердің көпшілігі Wi-Fi немесе мобильді интернет сияқты цифрлық технологияларды пайдалана алмайды. Бұл жағдай олардың ресми жұмысқа орналасу немесе жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігін шектейді. USAID-тың 2022 жылдың январь айында аяқталған Мемлекеттік цифрлық экожүйені бағалау (DECA) зерттеуіне сәйкес, әйелдердің жаңа технологияларға қызығушылығы мен оны пайдалануына қатысты қоғамда бар әлеуметтік нормалар, әйелдердің білім алуы мен жұмысқа орналасуына кері әсер етеді.

    ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Өзбекстандағы 14 пен 30 жас аралығындағы жас әйелдер мен қыздардың 68,1%-ы интернетті ешқашан пайдаланбаған, бұл сол жастағы ерлердің санынан екі есе дерлік (34,3%) көп. Төмендегі проблеманы шешуде Өзбекстан мен АҚШ үкіметтерінің үстем бағыттарының бірі болып табылады.

    «Бұл бағдарламада ауылдағы әйелдерге назар аудара отырып, Өзбекстанды цифрландыру үдерісінде гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге көмектеседі», - дейді USAID -тың Өзбекстандағы Миссиясы директоры Микаэла Мередит. «Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл әйелін электронды коммерцияға қатысуға, өз өнімдерін жаһандық және жергілікті платформалар арқылы сатуға, әлеуметтік желілер мен цифрлық микробизнес мүмкіндіктерін пайдаланып, өз бизнесін ілгерілету, сонымен бірге цифрлық және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігіне ие болады.

    Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру гендерлік теңдікке қол жеткізудің, өмір сүру деңгейін жақсартудың және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің негізі болып табылады», - деп қосымша жасады Микаэла Мередит.

    «IT Women – Karakalpakstan» сынақ жоба болып табылады, ол әйелдерге әлеуметтік медиа маркетингі және графикалық дизайн бойынша мамандандырылған оқытумен, АКТ секторында жұмысқа орналасумен және тағылымдамадан өту және бағдарлама барысында тәрбиешілік көмегімен қамтамасыз етеді. 60 әйел-қыз «IT Park» көмегімен Нөкіс қаласындағы IT-Академиясында оқытылады. Бұл бағдарлама Өзбекстандағы климаттың өзгеруіне байланысты ауыл әйелдерін бизнес дағдылары, кәсіптік білім, микроқаржыландыру, тәрбиешілік және жұмысбастылық бағдарламаларымен қамтамасыз ету арқылы қолдап-қуаттау үшін USAID -тың 1 миллиард долларлық бастамасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

    Бұл бастама USAID-тың Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын Агробизнесті дамыту бойынша бес жылдық жобаның аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба мақсатты ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын тудыратын жаңа қосылған құн технологиялары мен басқару әдістерін бүкіл тізбек бойынша енгізу арқылы елдің ауыл шаруашылығындағы жеке секторды дамытуға қолдау көрсетеді.

    Бұл іс-әрекеттер Өзбекстанда қосылған құн өнімдерін арттыруға, әйел-қыздар мен жастарды тартуға, оқу орындарының жеке сектормен байланысын кеңейтуге және ауыл шаруашылығына қолайлы болған саясатты алға тартуға бағытталған.