Өзбекстан Республикасының сыртқы саясатында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жасау мәселесі басты бағыт ретінде белгіленген.
Айта кеткен жөн, Орталық Азия елдері Омбудсмандардың алғашқы Форумы Өзбекстанда өткізілді. Адам құқықтары саласындағы тәжірибе алмасу алаңы болып қала беретін форум Орталық Азия елдерінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.
Аталмыш форумды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – Орталық Азия елдері омбудсмандарының адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту, адам құқықтарының өзекті мәселелері бойынша аймақтық талқылауларды ұйымдастыру және осы бағыттағы іс-әрекеттер мен мүмкіндіктерді біріктіру.
Форумда Олий Мажлис Сенат төрағасы мен мүшелері және Олий Мажлистің Заң шығару палатасының Спикерінің бірінші орынбасары мен депутаттары, Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Адам құқықтары Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы, сондай-ақ бірқатар үкімет ұйымдарының өкілдері, Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) жанындағы комиссия мүшелері, БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілеттігі, USAID-тың Өзбекстандағы миссиясы, Өзбекстандағы ЕҚЫҰ жобаларының кординаторы, Халықаралық түрме реформаларының (PRI) Орталық Азиядағы өкілеттігінің Аймақтық бағдарлама менеджері, БҰҰ Даму бағдарламасының Өзбекстандағы өкілі, ЮНИСЕФ-тың Өзбекстандағы өкілі, БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарының басқармасы, Орталық Азиядағы аймақтық басқармасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттерінің Омбудсмандары сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кеткен жөн, 1995 жылдың 23 февралінде ТМД елдері арасынан Өзбекстанда бірінші болып Омбудсман институты енгізілді.
Халықаралық Омбудсман институты, Еуропалық Омбудсман институты, Азия Омбудсман қауымдастығы, Түркі тілдес елдердің Омбудсмандары және Адам құқықтары бойынша ұлттық институттарының Қауымдастығы, Еуразиялық Омбудсман Альянсы сияқты халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі болды.
Өткен кезең барысында Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) көптеген азаматтардың өтініштерін шешуде, сонымен қатар жүріп-тұру еркіндігі шектелген жабық мекемелерде ұсталған адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауда өзінің лайықты орнына ие болды. атқарды. Бірқатар шет елдердегі адам құқықтары бойынша ұлттық институттармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Форум аясында Орталық Азия елдерінің Омбудсмандары арасында екіжақты Меморандумдарға қол қойылды. Бұл меморандум Орталық Азия елдерінің Омбудсмандары арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға қызмет етеді.
Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) 2021 жылы жалпы 18 738 өтініш келіп түскен болса, соның 60-қа жуығы шет елдерден жіберілген. 2022 жылдың алғашқы алты айында шет мемлекеттерден жіберілген өтініштер саны 32-і құрады. Бұл өтініштердің көпшілігі Орталық Азия елдеріне тура келеді. Осыған байланысты Орталық Азия елдері Омбудсмандардың негізгі қызметінің бірі ретінде азаматтардың өтініштерін бірлесіп қарау міндеті белгіленді.
Аталмыш халықаралық Форум үш сессиядан тұрады. Онда әйелдерді, балаларды, мүгедектігі болған тұлғаларды қорғау және ынталандыру және цифрлық технологияларды пайдаланудың ерекшелігі және жазаны өтеу мекемелерінде ұсталған адамдардың құқықтарын қорғауда өзара тәжірибе алмасты.
Форум соңында Орталық Азия елдері омбудсмандарының I- форумы Ташкент декларациясы қабылданды.
Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілі (Омбудсман) Ақпарат қызметі.