Ташкентте халықаралық ғылыми-іс жүзіндік конференция жұмыс бастады

    Ел назарында 18 Avgust 2021 1140

    Бүгін Ташкенттегі Орталық Азия халықаралық институтта «Орталық Азия және Оңтүстік Азия өзара байланыстылық: іргетасы, болашағы, геостратегиялық ерекшелігі» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми- іс жүзіндік конференция жұмыс бастады.

    Жиынды Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Әлем экономикасы мен дипломатия университеті ректоры Содиқ Сафоев кіріспе сөбен ашты.

    Үстіміздегі жылдың 15-16 июль күндері Ташкент қаласында өткізілген «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық конференциясы сауда, экономика, транспорт, байланыс, мәдениет және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара мүдделі стратегиялық жобаларды жасау үшін жаһандық платформаға айналғаны тілге тиек етілді.

    Онлайн және офлайн формасында өткізілген конференцияда Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының мүшелері және Заң шығару палатасының депутаттары, Орталық Азия және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктері және парламенттерінің өкілдері, танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.

    Бұрын хабарлағанымыздай, шара Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты, Әлем экономикасы және дипломатия университеті тарапынан Конрад Аденауэр қорының Орталық Азия бойынша өкілеттігі және Орталық Азия халықаралық институтымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды, деп хабарлауда «Дунё» АА.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates