Ташкентте Жапония азаматтарының Өзбекстандағы өмір тарихына арналған мұражай ашылды

    Үстіміздегі жылдың 30 апрелінде жаңа мұражай ғимаратының ашылуына арналған «40-жылдары Өзбекстандағы жапония азаматтарының өмірін бейнелейтін естелік көрмесінің» салтанатты рәсімі өтті.

    Шараға Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хатори Такаши, мұражайдың негізін қалаушы әрі директоры Жалил Султанов, Жапония қоғамының Өзбекстандағы өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Шара аясында Әндіжан облысының Чуама ауылынан табылған «Алтыншы дәрежелі қасиетті қазына ордені» мұражай қорына тапсырылды. Ондай ордендер әскерилер мен азаматтарға мемлекетке сіңірген еңбегі үшін марапатталғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ, шара аясында «Хийраги» (Холли) фильмінен үзінді көрсетіліп, мұражайдың бірегей жәдігерлерімен таныстырылды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде: мұражайдың ескі ғимараты бұдан 26 жыл бұрын, яғни 1998 жылдың май айында Өзбекстандағы жапониялықтардың өмірін бейнелейтін материалдарды, сондай-ақ екі елдің арасындағы достық рәмізін білдіретін фотосуреттерді, құжаттар мен түрлі экспонатларды көрсету мақсатында құрылған.

    2023 жылы жаңа мұражай ғимараты салынды, ол Жапониядан және басқа елдерден келушілер үшін туристік орынға айналады деп жоспарланған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates